18.11.2010, 14:27 3644

Семейдің ауруханаларында су болмай қалған кезде пайдалану үшін құдықтар қазылды

Семей ауруханаларының басшылары су болмай қалған кезде тығырықтан алып шығудың жолын тапты. Медициналық жедел жәрдем ауруханасының ауласында құдық қазылды. Бұл туралы МЖЖА төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің директоры Мұратбек Қабдулин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Семей. 18 - қараша. Kazakhstan Today - Семей ауруханаларының басшылары су болмай қалған кезде тығырықтан алып шығудың жолын тапты. Медициналық жедел жәрдем ауруханасының ауласында құдық қазылды. Бұл туралы МЖЖА төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің директоры Мұратбек Қабдулин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, күз басталғаннан бері ауруханада бірнеше рет су үзілген. Сондықтан да ұзақ ойланып жатпай, қаланың төрт ауруханасының басшылары қаржы жинап, МЖЖА ауласында тереңдігі 25 метрлік құдық қазған.

"Құдық қазылды, су үзлілген кезде осы суды тек техникалық қажеттіліктер үшін пайдаланамыз",- деп түсіндіріп өтті М. Қабдулин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны