12.02.2010, 13:12 3024

Семейдің биоорталығындағылар ұзаққа созылған аязға бейімделмеген хайуанаттардың тағдарына алаңдаулы

Семейдің биоорталығындағылар ұзаққа созылған аязға бейімделмеген хайуанаттардың тағдарына алаңдаулы

Семей. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Семейдің биоорталығындағылар ұзаққа созылған биылғы аязға бейімделмеген өз қолдарындағы хайуанаттардың тағдарына алаңдаулы, деп хабарлайды Kazakhstan Today балалардың биологиялық орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Зәуре Нұрпейісоваға сілтеме жасап.

Қазір бұл өңірде ауаның температурасы минус 40 градусқа дейін төмендеді, кей жерлерде тіпті 45 градусқа дейін жетуде. "Жағдайдың ауыр екені соншалық, біз еуропалық муфлонды кейінгі жылдарда алғаш рет хайуанаттардың қысқы жайына арналған корпусқа орналастыруға мәжбүр болдық. Хайуан далада үсіп өлуге шақ қалды", - дейді зоолог.

Оның айтуынша, оңтүстік америкалық ламаға жылы жамылғы кигізумен шектелмей, қазір тіпті далаға шығармайтын болған.

"Біз хайуанаттарға арнап қосымша тамақ рационын дайындап, оларға жоңышқа мен витаминді қоспалар беріп жатырмыз. Олардың астына қалың төсеніш төседік. Жануарлар мал дәрігерлерінің бақылауы аясында", - деді З. Нұрпейісова.

Ал Өскеменде Ертіс өзенінде қатты аяз салдарынан жүздеген жабайы үйрек қырылған. Зоологтардың айтуынша, оған 40-градустық аяз кінәлі, құстар аш қалып отыр. "Егер шетелдерде осындай жағдайларда хайуанаттарға көмек көрсететін арнаулы қызметтер болса, бір өкінерлігі, бізде ондай жоқ", - деді Бүкіләлемдік тағы табиғат қоры жобасының бұқарамен байланыс жобасының маманы Дмитрий Григорьев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны