22.01.2014, 19:06 16951

Семейдің екі оқушысы әлем бойынша SAT үздігі атанды

Назарбаев интеллектуалды мектебінен жеті оқушы байқауға қатысты. Солардың ішінен 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап беріп 800 ұпай жинаған Айнұр Машпиева топ жарды. Оның сыныптасы Ақгүл Кенжешева 710 ұпай жинады. Бұл да өте жоғары көрсеткіш, үміткерлердің тек 10 пайызы ғана жоғары ұпайға қол жеткізген", - делінген хабарламада.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. Математика бойынша SAT тестілеу нәтижесінде Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сыныбындағы екі оқушысы әлем бойынша үздік деп танылды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

"Тестілеуге әлемнің 175 елінен мыңнан астам жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Назарбаев интеллектуалды мектебінен жеті оқушы байқауға қатысты. Солардың ішінен 50 сұрақтың барлығына дұрыс жауап беріп 800 ұпай жинаған Айнұр Машпиева топ жарды. Оның сыныптасы Ақгүл Кенжешева 710 ұпай жинады. Бұл да өте жоғары көрсеткіш, үміткерлердің тек 10 пайызы ғана жоғары ұпайға қол жеткізген", - делінген хабарламада.

Ағылшын тілінде берілген математика сұрақтарына оқушыларды Майкл Малучи дайындаған.

"Тест сұрақтары АҚШ-тан келеді. Оны тек қана емтихан күні ашады. Өйткені тест 175 елде бір күні, бір сағатта өткізіледі", - дейді ол.

Айнұрдың бұл жеңісі үлкен болашаққа жолдама болды. Енді ол Гарвард, Оксфорд пен Кембридж секілді ең үздік оқу орындарында тегін білім алу құқына ие болып отыр.

"Мен инженер болғым келеді. Өйткені бұл мамандық елімізде үлкен сұранысқа ие болып отыр. Изірге Астанадағы Назарбаев Университетіне барсам деп отырмын. Бұл оқу орны әлемнің үздік білім ордаларымен терезесі тең түрде білім береді. Мен өз елімде білім алып, Отанымыздың дамуына үлес қоссам деймін", - дейді Айнұр.

Ақгүл де осы оқу ордасын таңдап отыр. Ондағы білім жүйесі халықаралық талаптардың барлығына жауап беретіндей сапаға ие.

Естеріңізге сала кетейік, SAT (Scholastic Aptitude Test) - талапкерлер мен төменгі курс студенттерінің оқуға бейімділігін анықтайтын тест. Емтихан үш бөлімнен тұрады: тест сараптамасы, математика мен хат жазу. Олардың әрқайсысы 200-800 ұпай аралығында. Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің SAT тестілеу орталығы өткен жылы ашылған. Бұған дейін мұндай орталықтар тек Астана мен Алматыда ғана болған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны