16.10.2007, 16:49 3287

Семейдің қарыздары бар бес ықшам ауданы жылуға қосылмайды

Семейдің қарыздары бар бес ықшам ауданы жылуға қосылмайды.

Семей. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейдің қарыздары бар бес ықшам ауданы жылуға қосылмайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семей әкімінің орынбасары Александр Ершов хабарлады.

"Бізде дайын құрылғылар, жұмысқа қосылуға дайын қазандықтар болғанымен де, жылуға қоспайтын жерлер бар. Жылуды бермейміз, себебі тұтынушылардың үлкен қарыздары бар",- деп түсіндірді Александр Ершов. Ол сондай-ақ әңгіме "Дорожник", "Восточный", "Юность", "343 квартал" және "Цементный поселок" ықшам аудандары жайлы болып отырғандығын айтып өтті. Оның хабарлауынша, жылыту маусымының басындағы тұрғындардың "Жылукоммунэнерго" МКК" алдындағы қарызы 202 млн теңгені құрайды.

Александр Ершов атап өткендей, қарыздың негізгі бөлігі ұзақ қазандықтардың үлесінде. "Онда жылдан-жылға ұласып келе жатқан қарыздар бар. Біз тұрғындармен бірлесе жұмыстар жүргіземіз, бірақ бәрібір жағдай қайталана береді",- деді әкімнің орынбасары. "Осы жылы қатаң шара қолданамыз: егер қарыздары болса - үйге жылу берілмейді. Жылу тек қарыздары төленгенде ғана беріледі",- деп қосты ол.

Александр Ершов сондай-ақ, пәтер иелері кооперативінің төрағалары осы күнге дейін дайындық паспортын ұсынбаған үйлерге де жылу берілмейтіндігін атап көрсетті. "Қаладағы 1029 көп қабатты үйлердің 150-не құбырды тазартып жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазір біз жеделдету әдісімен кооператив төрағаларын барлық дайындық жұмыстарын жүргізуге мәжбүрлеудеміз. Бұлай болмаған жағдайда бұл үйлерге жылу берілмейді", - деп қорытындылады Александр Ершов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны