12.04.2007, 19:09 3220

Семейдің кәсіпкері қала көшелерінің біріне өз есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізбек

СЕМЕЙ. 12 - сәуір. Kazakhstan Today. Семейдің кәсіпкері қала көшелерінің біріне өз қаржысы есебінен жөндеу бастамасын көтерді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, кеше Семей әкімі Мейрамхат Айнабеков кәсіпкерлерді қаланы көркейтуге белсенді қатысу туралы өтініш білдірген болатын. Бұл өтінішке бірінші болып бір жеке кәсіпорынның иесі Ержан Молдаш үлес қосуға ниет білдірді. Ол өзінің жеке қаржысына Семейдің орталық көшелерінің біріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, көркейтпек.

Е. Молдаш хабарлағандай, жөндеу жұмысының нысаны Посмаков пен Қабанбай батыр көшелерінің арасында орналасқан Уәлиханов көшесінің учаскесі болып табылады. "Мен көше бойына тас кірпіштер қалап, шамдар орнатуды, жайдақ орындықтар мен тіптен, Париждегі жазу жасып отырған бала сияқты қандай да бір кішкентай мүсін орнатуды жоспарлап отырмын",- деді кәсіпкер. Ол, жөндеу және көркейту жұмыстарының тек өз қаржысына ғана емес, өзнің жұмыс күшімен жүргізілетіндігін атап өтті.

Е. Молдашов көшені жаңалауға 7 млн теңге шамасында қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. "Шілде айында көше толығымен жөнделініп бітеді",- деп сендірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны