18.10.2006, 09:39 2865

Семейдің мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметке және жемқорлыққа қатысты жүзден астам заң бұзушылық анықталған

СЕМЕЙ. 18 қазан. Kazakhstan Today. Семейде мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтарының сақталуы барысын тексеру кезінде жүзден астам заң бүзушылық анықталды , деп хабарлады ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР тәртіптік кеңесі агенттігінің баспасөз қызметі.

Тәртіптік кеңес Семейдегі 31 мемлекеттік органда тексеру жүргізген. Анықталған заң бұзушылықтардың басым бөлігі мемлекеттік қызметке орналасу және оны атқарудағы ережелердің сақталмауына қатысты.

Қаладағы мемлекеттік қызметкерлердің үстінен сегіз тәртіптік іс қозғалды, атап айтқанда еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі , қаржы бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Ақбұлақ ауылдық округының және Танат ауылдық округының әкімдері үстінен іс қозғалды. Оған қоса, мемлекеттік қызметкерлердің ар- намысы Кодексін бұзғаны үшін бес адам қатаң сөгіс, ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды

Тәртіптік кеңес Семей әкіміне өткізілген тексерулер нәтижесін арнайы отырыста талқылап, мемлекеттік органдарда тәртіп орнату шараларын анықтауды ұсынды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының тексерулерінен кейін, тәртіптік 11 істі қарады. Нәтижесінде "жемқорлықпен күрес" заңын бұзғаны үшін Жаңасемей аймақтық учаскесінің сот атқарушысы мен Үржар аудандық ҚР ауылшаруашылығы министрлігі аймақтық басқармасының мемлекеттік мал дәрігері қатаң сөгіс алды.

Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намысы Кодексін бұзғаны үшін Бесқарағай ауданы Долон ауылдық округінің әкіміне, Зайсан ауданының жер қатынасы бөлімінің бастығына, Бородулиха ауданы Новошулбин ауылдық округінің әкіміне және Семей қаласының статистика бөлімінің бастығына сөгіс жарияланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны