17.01.2008, 18:31 3108

Семейдің табиғатты қорғау мекемесі сотта үш кәсіпорынның жабылуына қол жеткізбек

Семейдің табиғатты қорғау мекемесі сотта үш кәсіпорынның жабылуына қол жеткізбек

Семей. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы сотқа Семей өңірінің үш кәсіпорынының үстінен шағым түсірді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Владимир Тюрин хабарлады.

"Олардың екеуі Семейде орналасқан - бұлар техникалық қызмет көрсету станциясы мен геологиялық барлаумен айналысатын кәсіпорын. Үшіншісі Курчатовта орналасқан - бұл сауда нысаны болып табылады. Олардың экологиялық сараптамадан өтуі туралы құжаттары жоқ",- деді В. Тюрин.

Сондай-ақ, В. Тюриннің айтуынша, тазалау ғимаратына байланысты "Семейводоканал" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен ластайтын заттарды шектен тыс шығаратын және қалдықтарды өз бетімен тастаған "Гордорстрой" кәсіпорыны Семей өңірі бойынша негізгі заң бұзушылар болып табылады. Кәсіпорындардан қоршаған ортаны ластағаны үшін келген шығынның орнын толтыру талап етілген.

Шығыс Қазақстан облысының аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы мекеме мамандары табиғатты қорғау заңының орындалуына 243 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 304 заң бұзушылық анықталып, 246 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Сондай-ақ, табиғатты пайдаланушы кәсіпкерлерге қоршаған ортаға әкелген шығындары үшін 4,5 млн теңгеге көлемінде айыппұл салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны