18.01.2008, 15:23 3221

Семейдің табиғатты қорғау прокуратурасы жер заңының өрескел бұзушылықтарын анықтады

Семейдің табиғатты қорғау прокуратурасы жер заңының өрескел бұзушылықтарын анықтады

Семей. 18 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейдің табиғатты қорғау прокуратурасы жер заңының өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Семейдің табиғатты қорғау прокуратурасының прокурор көмекшісі Бақыт Орақбаевқа сілтеме жасай отырып.

"Семейде табиғатты қорғау прокуратурасының арнайы тексерулері кезінде жерлерді заңсыз басып алған жөнінде бірқатар жәйттері анықталды", - деп хабарлады Б. Орақбаев.

"Жамақаев көшесінде жеке тұрғын үй салу үшін екі жер учаскесі заңсыз берілген. Оның біреуі 774 шаршы метр жерді алып жатса, екіншісі 567 шаршы метр жер ауқымын алып жатыр. Жер учаскелерінің иелері барлық ағаштарды кесіп, орнына екі коттедж салған. Қалалық әкімдік оның құрылысын тұрғызу жөнінде рұқсат қағазын 2004 жылдың желтоқсанында берген", - деді прокурордың көмекшісі.

"Бұл шешім заңсыз деп танылды, өйткені берілген жер учаскелері жасыл желек аймағына кіреді. Сөйтіп, ҚР жер кодексінің 170- бабы бұзылған. Өйткені, коммунакация, саябақтар мен қоғамдық жерлерде жеке меншік үй салуға тыйым салынған ", - деп түсіндірді Б. Орақбаев.

Табиғатты қорғау прокуратурасы Семей әкімдігінің жеке меншік үйді салуға берген рұқсатында заң бұзушылықты анықтап, әкімдікке нарызылық хатын жібірді. "Егер қалалық әкімдік біздің наразылығымызды қанағаттандырса, онда үйлер бұзылып, жер учаскелері бастапқы қалпына келтіріледі ", - деп атап өтті прокурордың көмекшісі.

Ол хабарлағанындай прокуратура сондай-ақ, заңсыз тұрғызылған үш кәсіпорынды анықтаған.

"Олардың бірі - күзет агенттігі. Агенттіктің иелері болып отырған жеке кәсіпкерлер жер учаскесінің құжаттарын иеленбестен, оның территориясында кәсіпорын ғимаратын тұрғызған", - деп әңгімеледі Б. Орақбаев.

Оның мәліметтері бойынша, "жалпы әкімдік тарапынан табиғатты қорғау заңына сәйкес келмейтін 40 қаулыны шығарған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны