22.12.2006, 17:13 3800

Семейдің төрт кәсіпорны мемлекеттік санэпидбақылау мекемесінің тексеруінен бір жылға босатылды

СЕМЕЙ. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today. Семейдің төрт кәсіпорны мемлекеттік санэпидбақылау мекемесінің тексеруінен бір жылға босатылды. Бұл жөнінде журналистерге Семей қалалық мемлекеттік санэпидбақылау жалпы санитарлық бақылау бөлімінің бастығы Сіләмхан Базарбаев хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, 2006 жылдың басынан бері санитарлық эпидемиологиялық қызметке жаңа жұмыс тәртібі енгізілді. "Жаңашылдыққа сәйкес, он екі ай бойы ешқандай санитарлық заң бұзушылық тіркелмеген шағын және орта бизнес нысандары "Өзін өзі бақылау карточкасына" ие болады",-дейді С.Базарбаев. Бұл карточка кәсіпорынды бір жылға санитарлық тексерулерден босатады.

"2006 жылы жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша, Семейдегі 2136 шағын және орта бизнес нысандарының тек төртеуі ғана аталған карточкаға ие болды",-деді С.Базарбаев. ШҚО мемлекеттік санэпидбақылау департаментінің сарапшы комиссиясы

"Сем-Полиэкс" ЖШС (металлдан жасалған шифер және жолаушылар жолына төсейтін плиталар дайындайды), "Компания Л" ЖШС (телебейнеаппаратура жөндеумен айналысады), "Лагуна" моншасы мен "Креатив" шаштаразы үздік деп танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны