23.08.2006, 15:17 3297

Семейдің жеке меншік тұрғын үй аумақтарындағы тазалық сын көтермейді- әкімшілік

СЕМЕЙ . 23 тамыз. Kazakhstan Today. Семейдің жеке меншік үйлер орналасқан аймағындағы тазалық сын көтермейді. Қала тазалығын тексерген Семей әкімінің орынбасары Александр Ершов қалыптасқан жағдайды осылай бағалады.

Семей әкімі Нұрлан Омаровтың бастауымен жүргізілген рейдке қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің, мемлекеттік санитарлық қадағалау мекемесінің өкілдері, Семей ішкі істер басқармасының қызметкерлері атсалысты. А.Ершовтың сөзіне қарағанда, рейдті жүргізудегі басты мақсат- ең лас аудандар мен учаскелерді айқындау.

Бүгін екі ірі ықшам аудан тексерілді. Ең көп кездесетін заң бұзушылықтар деп рұқсат етілмеген жерге күл-қоқыстың төгілуін , сауда орындарының айналасы ластануын айтуға болады.

Рейд барысында учаскелік инспекторларға өз аудандарында жіті тексеру жүргізу міндеті жүктелді. "Нақтырақ айтқанда, жеке меншік тұрғын үйлер орналасқан аумақтарда қоқыс шығаруға жауапты ұйымдардың жұмысы қадағалансын",-деп атап өтті әкімнің орынбасары. Ол комиссия мүшелері апта сайын қаладағы ықшам аудандарда осындай рейд жүргізетіндігін айтты. Жеке меншік тұрғын үйлермен қоса дүкендер, техникалық қызмет көрсету нысандары да тексерілетін болады. "Бұл шара қала тазалығын сақтауға тұрғындарды жұмылдыру үшін ұйымдастырылуда",-дейді А.Ершов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны