22.02.2007, 15:23 3162

Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңалауға республикалық бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді

СЕМЕЙ. 22-ақпан. Kazakhstan Today. 2007 жылы республикалық бюджеттен Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңалауға 2,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін "Жылукоммунэнерго" Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры Мұхтар Кембаев хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта жылу жүйесін жаңарту жөніндегі іс-шаралар жоспары дайын. "Қазандықтардың жұмысының сенімділігін одан әрі нығайтуға бағытталған барлық іс-шараларды қабылдау жоспарланған",- деді Мұхтар Кембаев.

Атап айтқанда, қаланың орталығын жылумен қамтамасыз ететін № 103 қазандықта қосымша қуаттылық енгізіліп, жылу желілеррін жаңарту жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығына қатысты мәселелер де өз шешімін таппақ. Сондай-ақ, орталық қазандықта қосымша қазандық орнату жоспарлануда. "Бұл бізге тиімсіз жұмыс істейтін 11 қазандықтың проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Олар жабылады, ал олардың жұмысын орталық қазандық атқарады",- деп түсіндіріп өтті Мұхтар Кембаев. Проблемасы ең көп болып табылатын "РК-1" жылу көзіне үлкен жаңарту жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Бұл жерде қазіргі уақытқа дейін жекелеген технологиялық желілерде қолданылып келе жатқан қол еңбегін жою үшін күл-қоқыс-қалдықтарды шығару жүйесіне жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

2007 жылы 2-ші ЖЭО жылыту жүйесін будан ыстық суға ауыстыру жоспарлануда. Бұл пайдаоы жұмыс коээффицентін көтеруге және де қорды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңарту жоспарында есепке алуды жетілдіру де қамтылған. Атап айтқанда, барлық ірі қазандықтарда автотаразылар орнатылмақ.

Сонымен қатар, Мұхтар Кембаев 2007 жылы жаңа 3-ші ЖЭО-ның салынатындығын хабарлады. Осы жылы аталмыш мақсатқа үкімет 5 млрд теңге бөледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны