28.12.2007, 18:10 3155

Семейге ҚХР көкөніс өнімдері жеткізіледі

Семейге ҚХР көкөніс өнімдері жеткізіледі

Семей. 28 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР Тарбағатай аймағының Іле -Қазақ автономиялық облысының басшылары Семейге жоғары сапалы көкөніс өнімдерін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей әкімдігінің сыртқы байланыстар жөніндегі комитеті хабарлады.

Қытай делегациясының құрамына кірген Шоғышақ қаласы мен аймақ өкілдері, Семей әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбековпен кездесті. Қонақтар қарым -қатынас жасау туралы жоспарларымен таныстырып, негізінен сауда-саттық бағытында жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.

"Қытайлықтар сапалы көкөніс өнімдерін кідіріссіз жеткізуді ұсынып отыр. Ол үшін олар көлік колоннасын құрып, Семейде арнайы көтерме-сауда базасын салмақшы", - деді комитет бастығы Жанна Жібраева.

Қытай делегациясының жетекшісі Абыл Мәметжан Семей басшылығын, "рұқсатнама құжаттарын рәсімдеу мәселесінде көмек көрсетулерін өтінді. Өйткені, бастапқы жұмыста түрлі түйіткілдер пайда болады". Алайда, Т. Мүсәпірбеков атап кеткеніндей, "бір күндік рұқсатнамалық құжатпен елге кіру мәселесы ашық күйінде қалып, ҚР ССМ деңгейінде шешілу керек ".

"Жалпы Семей әкімдігі Қытай жағынан ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қолдап отыр. Сондай-ақ, көтерме сауда базасының құрылысына жер бөліп, оған қажетті коммуникацияларды тарту мәселесін қарастыруға дайын", - деп айтты әкім орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны