21.09.2006, 13:50 3355

Семейлік наркологтар әйелдер арасында маскүнемдіктің артып бара жатқанын айтып дабыл қағуда

СЕМЕЙ. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейде әйелдер арасындағы маскүнемдік 25 процентке артты. Бұл туралы Семей наркологиялық диспансерінің директоры Павел Брыжахин журналистерге хабарлады.

Ийелдер арасында маскүнемдіктің белең алу себептерін нарколог-дәрігерлер әлеуметтік проблемалармен байланыстарады. "Отбасындағы кикілжіңдер, жұмыссыздық пен тұрмыстағы тауқыметтердің бәрі әсер етуде. Біздің байқауымызша, кейінгі кездері осынау жағымсыз әдетке көбінесе "қанжыға саудамен" шұғылданатындар жиі бой алдыратын болды. Ұзаққа созылған сапарлар, аяз бен аптапта далада торығу, мардымсыз жалақы- осының бәрі кері әсерін тигізуде",- деді П.Брыжахин.

Оның айтуынша, кейінгі кездері диспансерге емделуге келген әйелдер саны көбейді. "Бұрығыдай ұялу деген қалып барады. Ийелдер диспансерге келіп көптеп көмек сұрайтын болды. Күн сайын күндізгі стационарда 15-20 адам емделеді",- деді директор. Ийелдер ақысыз әрі жасырын емделуде.

П.Брыжахиннің айтуынша, диспансерде қазір тіркеуде тұрған 12 мың адамның 2,5 мыңы - әйелдер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны