24.03.2019, 20:19 5576

Семейде 4 центнерден астам темір құрамдас затты Ресейге заңсыз шығармақ болған адам ұсталды

Қордай шекара отрядына қарасты "Қарасу-авто" өткізу бөлімшесінде "Мерседес Бенц" автокөлігімен біздің елге қарай кірмек болған 31 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Қордай шекара отрядына қарасты "Қарасу-авто" өткізу бөлімшесінде "Мерседес Бенц" автокөлігімен біздің елге қарай кірмек болған 31 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Оның ұсталуына автокөлікті тексеру барысында табылған жалпы салмағы 70 килограмға жуық темекі өнімі (махорка) себеп болды. Ешқандай рұқсат құжаты жоқ жүк актіленіп, Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.

Семейде 4 центнерден астам темір құрамдас затты Ресейге заңсыз шығармақ болған адам ұсталды.

"Семей" тексеріп-өткізу пункітінің "Үбе-авто" бөлімшесінде 39 жастағы ресейлік ұсталды. Шекарашылар оның "ДАФ" жүк көлігін тексеру барысында ешқандай рұқсат құжаттарынсыз, жалпы салмағы 420 кг, құрамында темір бар зат (лигатура АТЛ) тауып, Шемонайха аудандық полиция бөліміне тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны