08.10.2019, 17:41 11100

Семейден Нұр-Сұлтанға әуе тасымалы ашылды

Жоғары сұранысқа ие бағдардың ұшу ұзақтығы небәрі 1 сағат. Бірінші рейстің құрметті жолаушылары - 72 жастағы Ғайникамал Қамзабековна мен 70 жастағы Көшембайқызы Қазима апалар қонған бетте қызыл бауды кесіп, өз баталарын берді.

Алматы. 8 қазан. Kazakhstan Today - Алғашқы қазақстандық лоукостер FlyArystan-ның бағдарлар картасында жаңадан Семей қаласы пайда болды. Әуепаркін үшінші 180 орындық Airbus A320 әуелайнерімен толықтырған әуетасымалдаушы Семейден Нұр-Сұлтанға және де кері қарай бірінші сапарын орындады.

Шығыс Қазақстан облысындағы ірі қаладан қатынау 5999 теңгеден басталады, бұл баға бүгінгі күнгі нарықтық бағадан 58% төмен екенін атап өткен жөн. Жоғары сұранысқа ие бағдардың ұшу ұзақтығы небәрі 1 сағат. Бірінші рейстің құрметті жолаушылары - 72 жастағы Ғайникамал Қамзабековна мен 70 жастағы Көшембайқызы Қазима апалар қонған бетте қызыл бауды кесіп, өз баталарын берді.

Олармен қатар жерлестерін Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлы да келіп құттықтады. Қала басшылығының ойынша лоукостердің пайда болуы Семей әуежайының дамуына септігін тигізумен қатар, келер жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойын тойлауға келетін туристтердің санын арттыруға көмектеседі.

"Біз үшінші бортымызды қабылдағаннан кейін, Тараз, Шымкент пен Павлодардан кейін Семейге сапар орындағанымыз туралы қуана хабарлаймыз. Бұдан былай ШҚО-ның екінші қаласына тез әрі жайлы қатынаумен қатар, жолаушыларға өте тиімді бағаларды ұсынамыз. Семейден Нұр-Сұлтанға әуетасымал келешекте ұсынылатын рейстердің бірі ғана болып, келешекте олардың саны артады деген сенімдеміз", - деп ойымен бөлісті FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Үстіміздегі жыл соңына дейін лоукостер флотына тағы бір әуекеме қосылып, 2020 жылдың соңына дейін әуепарк 10 әуекемеге дейін көбейіп, рейстер мен бағыттар саны 5 еселенеді деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны