15.01.2010, 15:44 3112

Сенат депутаты атом саласын бақылаудың дербес құрылымын жасақтауды ұсынады

Сенат депутаты атом саласын бақылаудың дербес құрылымын жасақтауды ұсынады

Астана. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Сенат депутаты Ғани Қасымов атом саласын бақылаудың дербес құрылымын жасақтауды ұсынады. Ол осы жөніндегі депутаттық сауалды бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен сенат бюросына үкіметке ұсыныс жолдап, осыдан 100 жыл, 5 жыл, 10 жыл бұрын қол қойылған барлық конвенциялар, келісімдер мен шарттарға санақ жүргізуді, тәртіпке келтіруді ұсынар едім. Біз өзіміздің қаншама құжатты ратификациялап, қаншамасына қол қойғанымызды, енді қаншасына ратификация жасау керектігін білмейміз. Бұл - мемлекеттік тәртіпке қатысты мәселе", - деді Ғ. Қасымов.

"Мен осыған байланысты сенат бюросы тарапынан үкіметке атом өнеркәсібі саласындағы апаттық ахуалға байланысты дербес орган құру туралы ұсыныс жолдауды ұсынғым келеді. Бұл комитет қандайбір министрлікке емес, мемлекет басшысына немесе ұлттық қауіпсіздік кеңесіне бағынышты болуға тиіс", - деді депутат.

Оның айтуынша, "егер біз бүгін бұған назар аудармайтын болсақ, ертең - тым кеш болмақ". "Ол кезде елдің имиджі емес, бізге қарсы қолданылатын санкциялар жайлы сөз қозғауға тура келмек", -деді сенатор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны