07.04.2009, 18:42 2572

Сенат депутаты Елбасының Сауд Арабиясының Королін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезіне қатысуға шақыруын елдің сыртқы істер министріне табыс етті

Сенат депутаты Елбасының Сауд Арабиясының Королін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьезіне қатысуға шақыруын елдің сыртқы істер министріне табыс етті

Астана. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Осы күндерде Сауд Арабиясы Корольдігінде жүрген президенттің арнаулы өкілі, парламент сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Иділ Ахметов осы елдің сыртқы істер министрі Сауд әл-Фейсалға біздің мемлекет басшысының Қос Киенің Сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Абдель Азизге Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанадағы алдағы жиынына қатысуға шақыруын табыс етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сенатор сондай-ақ Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглуға, Дүниежүзілік Ислам лигасының бас хатшысы Абдалла ат-Түркиге және Ислам істері, уақыптар және шақырулар жөніндегі министрі Салех Аль аш-Шейхқа діни лидерлерінің жиналысына Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы - парламент сенатының төрағасы Қ.Тоқаевтың шақыруын жеткізді.

Джидда, Мекке және Эр-Риядта болған кездесулер барысында Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы Сауд Арабиясы басшылығынан жоғары баға алғаны айтылды.

Астана мен Эр-Рияд тығыз саяси қарым-қатынасты қолдап отыр, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді.

Қазақстанның дінаралық үнқатысуды дамыту жөніндегі Қазақстанның күш-жігері 2008 жылы жоғары деңгейдегі Мекке, Мадрид және Нью-Йорк конференцияларын өткізу арқылы іске асқан мәдени және діндердің арасындағы үнқатысуын ілгерілету туралы Қос Киенің Сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Абдель Азиздің бастамаларымен үндес келіп отыр.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы алдағы уақытта халықаралық аренадағы халықтар, мәдениеттер және діндер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара көмек және күш-жігерін біріктіру саясатынан айнымауға ниеттеніп отыр.

Ислам істері, уақыптар және шақырулар жөніндегі министрі Салех Аль аш-Шейхтың айтуынша, Астана съезі исламды қорғауға, оның бейбітшілік сүйгіш мазмұнын насихаттау мен басқа діндермен үнқатысуға және өзара іс-қимылға ашықтығын дәлелдейді.

Діндер мен мәдениеттерді жақындастыру жөніндегі Қазақстан президентінің бастамаларын Ислам Конференциясы ұйымынан толық қолдау тауып отыр.

Бұл туралы Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на және 2011 жылы ИКҰ-на төрағалық етуін жоғары бағалаған осы ұйымның бас хатшысы Э.Ихсаноглу мәлімдеді. Ол осы екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың тиімді арналарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сенатор И.Ахметов ИКҰ Бас хатшысын мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің өткен жылғы қазан айында өткен "Жалпы әлем: алуандық арқылы өркендеу" Жиынына қатысқаны үшін және 2010 жылы БҰҰ аясында мәдениеттердің халықаралық жақындасуы жылы деп жариялау туралы мемлекет басшысының бастамасын қолдағанына алғыс айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны