13.05.2010, 18:24 3099

Сенат депутаты Ғани Қасымов президенттің мерейтойына орай рақымшылық жасауды жеделдету қажет деген пікірде

Сенат депутаты Ғани Қасымов президенттің мерейтойына орай рақымшылық жасауды жеделдету қажет деген пікірде

Астана. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Сенат депутаты Ғани Қасымов президенттің мерейтойына орай рақымшылық жасауды жеделдету қажет деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін сенаттың жалпы отырысында Қазақстан үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мен президенттің мерейтойы тақап келе жатқан осы тұсты пайдаланып, Елбасының 70 жылдығына орай адамдарға жақсылық жасау үшін рақымшылықты жеделдету қажет деген пікірдемін",- деді ол.

"Мен 2009 жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысына өтініш жолдап, бес жылдық үзілістен кейін ауқымды рақымшылық жасауды сұрағанмын, өйткені, еліміздің түрмелері адамдарға толы",- деді Ғ. Қасымов.

"Үкімет ол кезде бәрі ойластырылып, дәйектеліп жатыр деп жауап берген, бірақ Жаңа жылға дейін үлгермеді. Мен екінші рет сұрау салдым, Жаңа жылға орай үлгермеген екенсіңдер, енді міне, мемлекет басшысының, ұлт көшбасшысының мерейтойына орай ауқымды рақышылық жасайық деп ұсыныс жасадым",- деді депутат.

Оның айтуынша, бұл сауалға да : "бұл мәселе қаралады, қазір тағы да келісіліп жатыр", деген жауап алған.

Бұған қоса депутат рақымшылық жасайтын баптардың аясын кеңейтуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны