18.06.2009, 13:26 2923

Сенат депутаты Қасымов 100 млн доллардан асатын қаржылық операцияларды парламентте ратификациялауды ұсынады

Сенат депутаты Қасымов 100 млн доллардан асатын қаржылық операцияларды парламентте ратификациялауды ұсынады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаты Ғани Қасымов 100 млн доллардан асатын қаржылық операцияларды парламентте ратификациялауды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін сенаттың жалпы отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"100 млн доллардан асатын қаржылық операцияларды парламентте ратификациялау арқылы міндетті түрде тіркеу қажет", - деп мәлімдеді Ғ. Қасымов.

Бұған қоса сенат депутаты елімізде Есеп комитетімен қатар парламенттің жанындағы бақылаушы палата құруды ұсынады. "Біз Есеп комитетін әлсіз ұйымға емес, нақты істің ұйымына айналдыруымыз қажет. Ол үшін парламенттің жанында бақылаушы палатаны құру қажет", - деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны