11.06.2009, 14:18 2609

Сенат депутаты Қасымов халық санағының нәтижесіне күмән келтіреді және оны күзде қайтадан өткізу керек деп санайды

Сенат депутаты Қасымов халық санағының нәтижесіне күмән келтіреді және оны күзде қайтадан өткізу керек деп санайды

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаты Ғани Қасымов қаржылық заң бұзушылықтардың ашылуына байланысты халық санағының нәтижесіне күмән келтіреді және оны күзде қайтадан өткізу керек деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет іс-шараға жоспарлаған қаржының үштен бір бөлігіне жүргізілген халық санағының нәтижесіне қалай сенуге болады?" - деп мәлімдеді Ғ. Қасымов.

Сенат депутаты халық санағы көптеген заң бұзушылықтармен өткізілді деген пікірде. "Халық санағы кезінде мен елден оларды санауға ешкім келмегені туралы, санаққа қоспағаны туралы әңгімелерді көптеп естідім. Ал қазір мен түсініп отырмын, 1 млрд 200 млн теңге беріп, санақ 300 млн теңгеге жүргізілген болса, онда халық санағының нәтижесі күмән тудырады", - деді депутат.

"Біз халқымыздың санын нақты білмейміз, сол себепті күзде халық санағын қайтадан өткізу қажет деген пікірдемін", - деді депутат бүгін сенаттың жалпы отырысында оқып берген өз сауалында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны