08.04.2009, 18:13 3072

Сенат депутаты Қасымов Ұлттық банктің ақша жинақтарын үш валютада сақтау жөніндегі үндеулерін келешекте теңгенің жоғалуының белгісі деп бағалайды

Сенат депутаты Қасымов Ұлттық банктің ақша жинақтарын үш валютада сақтау жөніндегі үндеулерін келешекте теңгенің жоғалуының белгісі деп бағалайды

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаты Қасымов Ұлттық банктің ақша жинақтарын үш валютада сақтау жөніндегі үндеулерін келешекте теңгенің жоғалуының белгісі деп бағалайды. Бұл туралы ол бүгін палатаның жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенат депутаты Ғани Қасымов Ұлттық банк басшылығының не себепті халықты өздерінің ақшалай жинақтарын теңге, доллар және евро секілді үш валютада сақтауға ұдайы шақыратындығының себебін түсінбейтінін мәлімдеді.

"Ұлттық банктің басшылығы Еуропада немесе Америкада тұра ма? Бұл неғылған саясат?", - деген сауал тастады сенатшы.

Депутаттың мәліметінше, қаңтарда халық өз жинақтарының 42,3%-ын валютада ұстаса, ақпанда шетел валютасындағы депозиттер 48% дейін өсті. "Егер шетел валютасындағы депозиттер осындай қарқынмен айына 7 - 8% өсе берсе, қыркүйек айына таман бізде теңге қалмайды. Ұлттық банк пен оның басшылығы сонда теңгені жоғалтып жіберу саясатын ұстанып отыр ма? Мүмкін оның басшылығын өзгерту керек шығар", - деді Ғ.Қасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны