02.07.2008, 15:09 1647

Сенат спикері Астанада Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты

Сенат спикері Астанада Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада қазақтың батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бауыржан Момышұлы аңыз-адам. Оның ержүрек әрі Отанына риясыз берілген адам екендігі жөніндегі атақ-даңқы бүкіл елге танымал. Оны халқы батыр деп мойындады", -деді Қ. Токаев ескерткішті ашу рәсімінде.

Бауыржан Момышұлына арналған ескерткішті Жамбыл облысы Астананың 10 жылдық мерейтойына тарту етті.

Сондай-ақ, сенат төрағасы ІІМ ғимаратының жанында орналасқан жаңартылған саябақты ашты. Саябақты реконструкциялау жұмыстары Қостанай облысының Астанаға сыйы.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Бейбітшілік және Ақжайық көшелерінің қиылысында орналасқан, Астана күніне орай Атырау облысы жайластырған гүлзардың ашылуына қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны