30.11.2006, 11:54 6241

Сенат Жоғарғы соттың судьясы Жақсылық Алановты қызметтен босатты

АСТАНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар Жоғарғы соттың судьясы Жақсылық Алановты қызметтен босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстан Конституциясының 55-бабының 1-тармақшасына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жақсылық Рзабекович Алановты Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатуды сұраймын",- делінген Елбасының таныстыруында.

Сенатшылар алдында сөз сөйлеген Қайрат Мәмидің айтуынша, Ж.Аланов 2006-жылдың 13-қарашасында Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған.

Сенатшылар Ж.Алановты қызметтен босатуды бір дауыстан қолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны