15.03.2012, 15:10 3269

Сенатор қазақ қыздарын шетелде оқытуды шектеу мәселесін көтерді

Өз сауалында Жабал Ерғалиұлы соңғы уақытта шет мемлекеттерде білім алып жатқан қазақ қыздарының тағдырына алаңдаулы екенін білдірді. Оның айтуынша, шетелдерде білім алып жатқан қазақ қыздарының түрлі себептермен кісі қолынан қаза табуы, басқа да жайсыздықтар мен абыройсыздыққа ұшырап жататындықтарын да ақпарат агенттіктері таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінен.

Астана. 15-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Жабал Ерғалиев Үкімет басшысының атына сауал жолдады. Онда сенатор қазақ қыздарын шетелге оқуға жіберуді шектеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өз сауалында Жабал Ерғалиұлы соңғы уақытта шет мемлекеттерде білім алып жатқан қазақ қыздарының тағдырына алаңдаулы екенін білдірді. Оның айтуынша, шетелдерде білім алып жатқан қазақ қыздарының түрлі себептермен кісі қолынан қаза табуы, басқа да жайсыздықтар мен абыройсыздыққа ұшырап жататындықтарын да ақпарат агенттіктері таратып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінен.

"Ирине, қыздарымыздың қай мемлекетке барып білім аламын десе, ол өздерінің құқы. Алайда, өз қыздарымыз бен қарындастарымыз шет елге оқуға барып, ол жерде қаза тауып жатса, одан қалды қыздарымыз кім көрінгенге тұрмысқа шығып кетіп жатса, ол елдігімізге сын емес пе?! Бүгінгі қыз балаларымыз ертеңгі ұрпағымыздың аналары емес пе?! Ұлтымыздың ұрпағын дүниеге әкелетін де қазақ қыздары емес пе?! Етегін жел көтермеген қыз балаларымызды шет елдерге шашыратып жіберетіндей және жат жұрттың азаматтарына сұраусыз кете беруіне осыншалықты бейғам қарайтындай біз көп пе едік, ат төбеліндей ғана халық емеспіз бе?! Елбасы айтып отырған батыстың жасанды мәдениетінің біздегі етек алып бара жатқан бейәдеп және түрлі бейбастықтарға осы бастан тыйым сала алмасақ, ертең кеш болуы мүмкін", - дейді Ж. Ерғалиев.

Осыған қатысты бірқатар мысалдарды алға тартқан сенатор, қыздарды шет мемлекетке оқуға жіберуді мейлінше шектеп, керісінше, олардың өз елімізде толыққанды және осы заманға лайықты білім алуларына және сол оқу орындарының өзінде ұлттық отбасылық құндылықтарды меңгеріп, тәрбие алуларына жағдай жасау қажеттігін алға тартты. "Қазіргі уақытта Қазақстанда қыз балаларға арналған Алматыдағы Қазақ қыздар мемлекеттік университеті ғана бар.

Ендігі арада қыз балаларымыз шет елде қандай мамандықтарды игеруге ынталы болып отыр, соны зерттеп және Елбасының елімізді индустрияландыру саясатын жүзеге асыру үшін қандай мамандар қажет, міне, сол қажетті мамандықтар бойынша білім беру мақсатында Астана қаласында мемлекеттің толық қамқорлығында болатын қыз балаларға арналған осы заманғы тағы бір жоғары оқу орнын ашуды жөн санайды. Ирине, бұл бүгін, не ертең шешілетіндей мәселе де емес шығар. Алайда, ұлттың ұлы мұраттарының бірі ретінде қыз баланың тағдырын бәрінен де жоғары қоятын болсақ, Үкіметтің бір бүйірінде осы бір мәселелер жатса екен деймін", - деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны