30.11.2007, 15:04 2953

Сенатта жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасау жөніндегі Кеңес құрылды

Сенатта жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасау жөніндегі Кеңес құрылды

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатында жергілікті өкілетті органдармен (мәслихаттармен) өзара ықпалдастық жасау жөніндегі Кеңес құрылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жергілікті өкілетті органдармен өзара ықпалдастық жасауды пәрмендендіру мәселесін бүгінде өмірдің өзі тудырып отыр. Және де біздің кеңес сияқты консультативтік-кеңесші органдар құру уақытын тапқан және қажетті қадам болып табылады",- деп мәлім етті бүгін кеңестің бірінші отырысын ашқан сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Жоғарғы және төменгі деңгейдегі өкілетті биліктердің өзара ықпалдастығы қандай да бір проблеманы шешуде ұсыныстар мен көзқарастар әзірлеуде, бірлескен заң шығару іс-қызметінде көмек болады",- деп санайды ол.

Кеңеске парламент сенатының жанындағы консультативтік-кеңесші орган мәртебесі берілді. Оның басты мақсаты жергілікті мемлекеттік басқару және аймақтарды дамыту салаларындағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Кеңесті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарады. Оның орынбасары лауазымына сенат депутаты Оралбай Ибдікәрімов тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны