19.07.2013, 10:05 5130

Сенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын мен күшті жел күтілуде

Сенбі күні ауа райында айтарлықтай өзгерістер болмайды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Астана. 19-шілде. Kazakhstan Today - Сенбі күні Қазақстанның басым аумағында жауын мен күшті жел күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенбі күні ауа райында айтарлықтай өзгерістер болмайды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Оңтүстік пен батыс өңірлерде ғана күн райы ашық болады. Ал еліміздің өзге аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр, ұйытқыған жел, сондай-ақ бұршақ жауу мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Ақтобе облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны