10.09.2015, 11:22 3607

Сеніп тапсырған астықты ысырап қылғаны үшін 90,4 миллион теӊге айыппұл төлейтін болды - Ақмола облысы

Ақмола облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Азық-түлік корпорациясы" АҚ-ныӊ "Д" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне қатысты бұзылған астықтыӊ шығынын өндіріп беру туралы талап арызын қарады. Бұл туралы облыстық соттыӊ баспасөз қызметінен хабарлады

Астана. 10 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Азық-түлік корпорациясы" АҚ-ныӊ "Д" Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне қатысты бұзылған астықтыӊ шығынын өндіріп беру туралы талап арызын қарады. Бұл туралы облыстық соттыӊ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сот анықтағандай, "Азық-түлік корпорациясы" АҚ "Д" ЖШС-не бидайды сақтауға берген. Астықты қабылдағаны және оныӊ сапасы туралы АҚП-не (астық қабылдау пункті) кепілхат берген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Азық-түлік корпорациясы астықтыӊ жағдайын білу мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде астықтыӊ сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігін, яғни, сапасыз екенін анықтаған.

Сол себепті сот бұзылған астықтыӊ шығынын өндіріп алуға негіз бар деп таныды.

Келісім-шарттыӊ 5-бөлігініӊ 1-тармағына сәйкес сақталатын дәнніӊ жетіспеуі, бүлінуі, бұзылуы, сапасыныӊ нашарлауы орын алған жағдайда АҚП (астық қабылдау пункті) Азық-түлік корпорациясыныӊ пайдасына бүлінген астық құныныӊ 20 пайызы көлемінде айыппұл төлеуі қажет делінген, себебі оныӊ сапасы төмендеген.

Ал, бұл 452 337 668, 40 теӊгеніӊ 20 пайызына шыққанда 90 467 533, 68 теӊгені құрайды.

Сот жауапкерден белгіленген сомманы өндіріп алуға шешім шығарды.

Шешім заӊды күшіне енген жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны