09.08.2018, 19:53 4588

Серғазы Омаш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Жер ресурстарын басқару комитетініӊ төрағасы лауазымына тағайындалды

ҚР ауыл шаруашылығы министрініӊ бұйрығымен Серғазы Бағдатұлы Омаш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Жер ресурстарын басқару комитетініӊ төрағасы лауазымына тағайындалды.

Астана. 9 тамыз. Kazakhstan Today -ҚР ауыл шаруашылығы министрініӊ бұйрығымен Серғазы Бағдатұлы Омаш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ Жер ресурстарын басқару комитетініӊ төрағасы лауазымына тағайындалды.

Серғазы Омаш 1979 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (экономист), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін (инженер) және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетініӊ "Фемида" заӊ академиясын (заӊгер) тәмамдаған.

Еӊбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласыныӊ Октябрь ауданы бойынша Салық комитетініӊ ақпараттық қамтамасыз ету және есеп бөлімінде салық инспекторы ретінде бастаған.

2001-2009 жылдар аралығында Қарағанды облысыныӊ Қарағанды қ. байланыс және ақпараттандыру басқармасында, Қарағанды облысыныӊ Ішкі істер департаментінде жұмыс істеген.

2009-2010 жылдары Астана қ. ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігініӊ Ақпараттық технологиялар департаментініӊ бас сарапшысы, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасыныӊ басшысы лауазымын атқарған.

2010-2012 жылдары - Астана қ. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігініӊ Ақпараттық технологиялар департаментініӊ ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасыныӊ басшысы.

2012-2013 жылдар аралығында - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігініӊ Көліктік бақылау комитеті төрағасыныӊ орынбасары.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныӊ Аппараты) Соттардыӊ қызметін қамтамасыз ету департаментініӊ ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімініӊ меӊгерушісі қызметін атқарды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны