13.04.2011, 13:44 3752

Сергей Дьяченко Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды

Сергей Дьяченко Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - Сергей Дьяченко Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақмола облысының әкімі лауазымына Сергей Дьяченко қайта тағайындалған.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар тарапынан аймақ әкімінің лауазымына С.Дьяченконың кандидатурасы келісілді.

С.Дьяченко 1952 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, Ақмола облысының Шортанды кентінде дүниеге келді.

1973 жылы Куйбышев жобалау институтының өнеркәсіптік-экономикалық факультетін экономист мамандығы бойынша аяқтады. Сонымен қатар, саяси білімі бар (АЖПМ). Саяси ғылымдардың докторы (2003 жыл). Профессор (2008 жыл).

Еңбек жолын 1973 жылы Пенза облысы, Кузнецк қ. жабдықтар мен конденсаттар зауытында инженер-экономист болып бастаған.

Соңғы 2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаны басқарған.

"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.

І дәрежелі "Достық", "Парасат", "Құрмет белгісі", ТМД-ның "Содружество" ордендерімен, жеті медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Фото: kazpravda.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны