12.02.2015, 15:48 4302

Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды

Бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі

Астана. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Бұрынғы қорғаныс министрі Серік Ахметовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"С. Ахметов пен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, қазір іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. 2015 жылғы 18 ақпанда Ахметовке қатысты үй қамағы мерзімі аяқталады. Сотқа бұлтартпау шараларын ұзарту туралы өтінішхат келіп түскен, ол 13 ақпанда қаралатын болады", - деді Қазыбек би аудандық сотыныӊ баспасөз хатшысы Илия Жошева, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ол бұл күні тағы екі күдікті - Илжан Ақмолдаев пен Анатолий Эссеніӊ тұтқындау мерзімін ұзарту туралы өтінішхат қаралатынын айтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын ірі көлемде ақшалай қаражатты жымқырды деп күдіктелген С. Ахметовке қатысты сот үш айға - 2015 жылғы 18 ақпанға дейін үй қамағында ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын ұзартуды санкциялаған.

Бұдан бұрын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап Қарағанды облысы мен Қарағандыныӊ, "Сарырақа" ИКК" ҰК" АҚ, "Металлургия-Металл өӊдеу" индустриалдық паркініӊ ЕЭА, "ҚазАгроФинанс" АҚ басшылары: Б. Ибдішев, М Смағұлов, А. Эссе, Г. Рахымжановқа және басқа тұлғаларға қатысты бірқатар ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық ісі тергеліп жатқандығы хабарланған. Тергеу істері аясында С. Ахметов ұсталып, кейіннен оған айып тағылды.

С. Ахметов 2009 жылғы қарашадан 2012 жылғы қаӊтарға дейін Қарағанды облысыныӊ әкімі болған. Кейіннен ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары, Премьер-Министр лауазымдарында жұмыс атқарды. 2014 жылғы 3 сәуірден 22 қазанға дейін ҚР Қорғаныс министрі болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны