13.04.2011, 13:34 3988

Серік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды

Серік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 13 - сәуір. Kazakhstan Today - Серік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігінің басшысы Аслан Мусин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барған.

Оның қатысуымен Петропавлда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болды. Сессия барысында депутаттар Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағы да Серік Біләловтің тағайындалуына бірауыздан дауыс берді.

Осы күні облыстық әкімдікте облыс активінің отырысы өтіп, ҚР Президенті Икімшілігінің басшысы жиналған қауымға тағы тағайындалған СҚО әкімі Серік Біләловты таныстырып өтті.

Жиналғандар алдында сөз алған С.Біләлов Қазақстан Республикасы Президентінің сенімін жоғары бағалайынтындығына тоқталып, ол сенімді аймақ пен республика игілігі үшін атқаратын қызметі арқылы ақтауға бар күш-жігерін салатындығын мәлім етті.

С.Біләлов 1958 жылы 5 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сарытомар ауылында туды. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1983 ж.), Алматы экономика және статистика институтын (1998 ж.) бітірген, зооинженер, экономист. Еңбек жолын 1974 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Возвышен ауданының Молодогвардеецтер атындағы совхоздың ветсанитары болып бастады. 2007 жылдың қазан айында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Фото: caspionet.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны