21.05.2020, 21:51 7079

Шүлбідегі өрт кезінде 21 адам мен 4 баланы эвакуацияланды

Барлығы облыс бойынша жыл басынан бері өрт кезінде 12 адам құтқарылды, 340 адам эвакуацияланды, 28 адам көз жұмды.

Алматы. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Шүлбідегі өрт кезінде 21 адам мен 4 баланы эвакуацияланды.

Кеше кешкісін Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі кентінде өрт орын алды. Көршілер 4-қабаттағы түтінді байқап өрт сөндіру бөліміне хабарласқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер 3 минут ішінде келіп жетті. Барлау жасау кезінде жанып жатқан пәтерде үй иесі ес-түссіз күйде табылған. Зардап шегушіні алып шығып, тамыр соғысы болмағандықтан тірілту амалдарын жасаған, алайда келіп жеткен ауылдық фельдшер 1972 жылы туған еркектің мерт болғанын анықтады.

Осы уақытта өрт сөндірушілердің екінші буыны түтін басқан үйден тұрғындарды эвакуациялай бастады. Әр пәтерді аралап, далаға шығуларын өтінді. Барлығы 25 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. 2 шаршы метрдегі өрт сөндірілді, түтінді шығарды, ғимаратты толық қарап шығып, тұрғындарға қауіптің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана даладағы адамдардың үйлеріне кірулеріне рұқсат берілді.

Өрт себебі бойынша - отты абайсыз пайдалану және мас күйде темекі шегу болжамы пысықталуда.

Барлығы облыс бойынша жыл басынан бері өрт кезінде 12 адам құтқарылды, 340 адам эвакуацияланды, 28 адам көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны