13.02.2007, 18:55 3253

Шаған өзенінен табылған тритий изотопы адамдарға тікелей қауіп төндірмейді - мамандар

СЕМЕЙ. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Семей өңіріндегі Шаған өзенінен табылған тритий изотопы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейді. Бүгін Семейдегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Ядролық қауіпсіздік институтының директоры Сергей Лукашенко осындай пікірін білдірді.

Оның ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылдың аяғында институттың әзірлеген бағдарламаларының бірінің аясында Семей ядорлық сынақ полигонына жататын аумақтағы Шаған өзенін зерттеу қажеттілігі туындаған. Бір реттік сынақтар жүргізу барысында Шаған өзенінің жекелеген аумақтарында тритий радиоактивті заты табылған. Өзеннің кейбір жерлеріндегі тритий құрамы орташа нормадан 40 есеге артық, деп хабарлады С. Лукашенко. Ғалымдар радиоактивті заттардың Шаған өзеніне жер асты ядролық жарылыстары болған жерден келетін жер асты суларымен бірге келіп құятындығын анықтады.

Осыған қарамастан, қандай да бір төтенеше жағдай немесе экологиялық апат төніп тұрған жоқ, деп сендіреді мамандар. "Өзеннен тритийдің табылуы қандай да бір кері әсерге алып келмейді, сондықтан да қорқып-үркудің және де ол жерге бармау керек деудің қисыны жоқ",- деді С. Лукашенко.

Сонымен қатар, мамандар изотоптың ауылшаруашылық өнімдеріне түсуі қаупі бар, деп санайды. "Онда ауылшаруашылық өнімдері, шаруа қожалығы бар, ең алдымен соларға қауіп төнеді. Олар осы аумаққа жақын орналасқан. Сондықтан да, кейбір ауылшаруашылық өнімдерінде осы изотоптың концентрациясы шамадан артық болуы мүмкін",- деді ол.

С. Лукашенко, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Ядролық қауіпсіздік институтының ғалымдары аталмыш проблема жөнінде сәйкес бағдарламаны жасағандығын, қазіргі уақытта бұл бағдарламаның энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарауында жатқандығын хабарлады. "Біз болуы мүмкін қауіпті азайту үшін аталмыш проблеманы сипаттап, жүргізуге қажет іс-шараларды белгіледік. Біз енді үкіметтің біздің бағдарламаға қалай қарайтындықтарын күтеміз",- деді өз сөзін қорытындылаған С. Лукашенко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны