26.03.2020, 14:47 28098

"Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы және екі кәсіпкер аса ірі көлемде жымқырғаны үшін сотталды

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен: Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы және екі кәсіпкер аса ірі көлемде жымқырғаны үшін сотталды.

Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.С. Әлиевке және "Байтас ХХI" ЖШС басшылары А.Д. Цой мен Д.П. Ханға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді өндіріспен аяқтады.

Олар шамамен 232 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны, бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Цой мен Ханға қатысты бұрын тіркелген қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешуге ҚР Бас Прокуратурасының лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 40 мың АҚШ доллары сомасында пара беруге бір топ тұлғаны арандатқаны және жымқырғаны үшін күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 18 наурызында Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен: Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны