16.01.2007, 18:56 2837

Шахтинск қалалық сотында 41 адамның өліміне әкеп соқтырған Ленин атындағы шахтада болған жарылыс дерегі бойынша алдын-ала тыңдау өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін Қарағанды облысының Шахтинск қалалық сотында 2006 жылдың 20-қыркүйегіндегі Ленин атындағы шахтада болған жарылыс дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын-ала тыңдау өтті,
деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін сот шахтаның қамауға алынған бұрынғы бес қызметкеріне қолданылатын шараларды өзгерту туралы ұсынысты тыңдады, сонымен қатар процесске қатысушыларды сұрау тәртібін белгілеп, басқа да ұйымдастыру жұмыстарын шешті.

Бірінші сот отырысы 2007 жылдың 23-қаңтарында өтеді. "Процесс ашық өтеді",- дейді прокуратурадағылар.

Естеріңізге сала кетейік, "Миттал Стил Теміртау" АҚ тиесілі Ленин атындағы шахтада болған жарылыс 41 адамның өмірін қиған болатын. Жарылыс себебін шахтада жұмыс істеген үкіметтік комиссия еңбек және техника қауіпсіздігін сақтаудағы талаптардың өрескел бұзылғандығынан деп тапқан. Сонымен қатар, комиссия апаттың болуына 22 адамның, соның ішінде "Миттал Стил" АҚ компаниясының бұрынғы бірінші басшылары да қатысты деген қорытынды жасаған болатын. Бірақ, шахтаның сегіз инженерлік-техникалық қызметкеріне айып тағылып, олардың бесеуі қамауға алынған, үшеуі ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп бостандықта жүр.

Олардың барлығына үш бап бойынша, яғни - өз міндеттеріне немқұрайды қарау, тау-кен жұмыстарын жүргізу барысында абайсызда адам өлімі мен басқа да ауыр жағдайларға әкеп соқтыратын қауіпсіздік ережесін бұзу, және де еңбек қорғау ережесін бұзу жөнінде айып тағылған. Қылмыстық іс 29 томды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны