14.02.2007, 18:46 2806

Шахтинск қаласында кеншілердің қаза табу дерегі бойынша сот мәжілісі қайта жалғасты

ҚАРАҒАНДЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Шахтинск сотында 41 кеншінің өмірін қиған дерек бойынша сот мәжілісі қайта жалғасты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше сот аталмыш іс бойынша соңғы төрт жәбірленушіден жауап алып, куәгерлерді сұрауға кірісті. Куәгерлер ретінде әскери тау-кендік құтқару бөлімшесі отрядының үш жауынгерінен жауап алынды. Адвокаттардың сөздеріне сүйенсек, барлығы 200 куәгерден жауап алынбақшы. Келесі сот мәжілісі дүйсенбіде, 19-шы ақпанда өтеді.

Бұрындары хабарлағанымыздай, аталмыш дерекке қатысты сегіз адам айыпталуда, олардың барлығы да "Миттал Стил Теміртау" АҚ тиесілі Ленин атындағы шахтаның инженерлік-техникалық жұмысшылары болып табылады. Ленин атындағы шахтада 2006 жылдың 20-қыркүйегінде болған жарылыстан 41 адамның өмірі қиылып, 12 адам жарақат алған. Сотталушылардың бесеуі қамауға алынып, үшеуі қаладан шықпау туралы қолхат беріп бостандықта жүр. Оларға Шахтада тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасын өрескел бұзды деген айыптар тағылуда. Сонымен қатар қамаудағы бесеу өз міндеттеріне немқұрайлылықпен қарады, деп айыпталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны