01.07.2009, 16:18 2912

Шахтинск қаласында "Тентек" шахтасында опат болған кеншілерді жерлеу рәсімі өтті

Шахтинск қаласында "Тентек" шахтасында опат болған кеншілерді жерлеу рәсімі өтті

Шахтинск. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шахтинск қаласында "Тентек" шахтасында опат болған кеншілерді жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызм етінің хабарлауынша, облыс әкімі Нұрлан Нығматулин комиссия мүшелерімен бірге қаза болғандардың отбасыларына барып, қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

"Бүкіл облыс тұрғындарының атынан "Тентек" шахтасында болған апаттың салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларына, туған-туысқандарына және жақындарына қайғырып, көңіл айтамын. Осы бір қиын сәтте біз сіздермен біргеміз, қайғыларыңызға ортақпыз. Олардың жарқын бейнелері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады",- деді облыс әкімі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының "Тентек" шахтасында бірнеше адамның өмірін қиып кеткен апаттың себептерін анықтау жұмыстары одан әрі жалғасуда. Қазіргі жағдаймен 13 лауазым иесінен жауап алынып, 20 метрге жуық үйінді тазартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны