27.05.2010, 12:54 2496

Шахтинск қаласында жоғалып кеткен қыз Абай ауданындағы бір қыстақтан табылды - полиция

Шахтинск қаласында жоғалып кеткен қыз Абай ауданындағы бір қыстақтан табылды - полиция

Қарағанды. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Шахтинск қаласында жоғалып кеткен екі жасар қыз Абай ауданындағы бір қыстақтан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шахтинск қалалық ІІБ сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, қызды ұрлаған әйел Абай ауданындағы бір қыстаққа жетіп, сонда тұратын өз таныстарынан қыстауда тұруға рұқсат сұраған. Оған сол жерде тұруға және шаруашылыққа жәрдемдесуге рұқсат берген. Ийел жұмыс істеп жүрген кезде қыз балаға малшылар қарайласқан.

ІІБ ақпаратына сәйкес, полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының барысында жан-жаққа бағдарлар жіберіліп, қызды ұрлаған әйелдің туыстарына сұрау салынған, бір шалғайдағы қыстауда әйелдің таныс фермерлері және лардың малдары бар екенін, әйелдің бір кездері сонда жұмыс істегенін сол туыстары айтқан. Қыстауға келген тәртіп сақшылары қызды сол жерден тапты.

Қыз бала Шахтинскіге жеткізіліп, анасына табысталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, баланың жағдайы жақсы. Қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілуі мүмкін. Сондай-ақ, баланы ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде, деп хабарлайды ІІБ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны