24.01.2011, 16:09 4400

Шахтинск қаласының жаңа әкімі тағайындалды

ҚР Президент Икімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Ерсайын Нағасбаев Шахтинск қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Президент Икімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Ерсайын Нағасбаев Шахтинск қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Облыс әкімі бүгін Шахтинск қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды.

Шахтинск қаласының бұрынғы әкімі Ерлан Өтешев Приозерск қаласының әкімі болып ауыстырылғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Ерсайын Нағасбаев 1980 жылы туған, жоғары білімді, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 2000 жылдан бері жұмыс істейді. Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған, вице-премьердің кеңесшісі болған. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданда әкімнің орынбасары болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны