31.01.2007, 17:35 7029

Шахтинскде қараусыз қалған көп қабатты екі үй құлады

ҚАРАҒАНДЫ. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Шахтинскде қараусыз қалған көп қабатты екі үй құлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, кеше 16 сағат 30 минут шамасында Қазақстан көшесінде орналасқан 5 подъезді іріпанельді иесіз үйдің екінші және үшінші подъездерінің арасындағы құрылым құлап түскен. Бір сағат өткеннен кейін үшінші және төртінші подъездердің бірінші қабатынан екінші қабатына дейінгі құрылғылар құлаған.

Сондай-ақ, бүгін таңертең 7 сағат 55 минутта Ленинград көшесіндегі бес қабатты үй құлаған.

"Қазір төтенше оқиға болған жерде төтенше оқиғаны жою жөніндегі жедел отряд, Қарағанды жедел құтқарушылар отряды, өрт сөндіру қызметі жұмыс істеуде, төтенше жағдай болған жер полицейлермен қоршалды",- деп хабарлады департаменттен.

Үйлердің құлау себептері әлі анықталған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны