14.07.2008, 12:49 1485

Шахтинскіде ЖЭО-ның жаңа бас директоры тағайындалды

Шахтинскіде ЖЭО-ның жаңа бас директоры тағайындалды

Шахтинск. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шахтинскіде ЖЭО-ның жаңа бас директоры болып Дмитрий Бухарин тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Д. Бухарин энергетикалық кәсіпорындарда жұмыс тәжірибесін жинақтаған. 1997 жылы Қарағанды 1-ші ЖЭО-ның бас инженері, 2004 жылы Тентек ЖЭО-ның техникалық директоры болып тағайындалды. Кейінгі кездері "ЦентрПром" ЖШС-ін басқарды.

"ЖЭО-ның бұрынғы директоры Манарбек Дәулетбақов қызметінен өз өтініші бойынша босатылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны