26.01.2007, 15:14 3076

Шахтискнің соты Ленин атындағы шахтадағы кеншілердің қаза болуы туралы іс бойынша 53 жәбірленушінің 35-ін тыңдады

ШАХТИНСК. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Шахтискнің қалалық сотында Ленин атындағы шахтадағы 41 кеншінің өмірін қиған жарылыс дерегі бойынша сот отырысы жалғасын тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
 
Бүгін сот жәбірленушілерді тыңдады. Қазіргі уақытта 53 адамның 35-інен жауап алынды, бұлар негізінен қайтыс болған кеншілердің аналары мен жесірлері. 
 
Сот залындағы агенттік тілшісі, жәбірленушілердің кейбіреулері сотталушылардың орнында отырғандарды кінәлі деп санамайды. Атап айтқанда, ұлын жоғалтқан аналардың бірі "жоғары лауазымдағыларды соттау керек" деп мәлім етті. Кейбір әйелдер, керісінше сотталушыларға ең қатал жаза тағайындауды талап етті. 
 
Бұрын хабарлағанымыздай, шахтадағы жарылыс себебін тексерген комиссия апаттың болуына 22 адамның қатысы бар деген шешімге келген, соның ішінде "Миттал Стил" АҚ компаниясының бұрынғы бірінші басшысы да бар. Бірақ, айып сегіз инженерлік-техникалық жұмысшыларға тағылып отыр. 
 
Бүгін сот Мағауия Балапанов сот тыңдалымы үшін адам көп сиятын ғимаратты беру туралы ұсынысты қабылдамады. "Шахтискде айыпталушыларды ұстау үшін қажетті жағдай жасалған үлкен ғимарат жоқ, сондықтан да сот отырысы қалалық сотта өтеді",- деді ол. 
 
Естеріңізге сала кетейік,  өткен сот отырысында адвокаттар сот тыңдалымын Шахтинскінің кеншілер сарайы сияқты кең ғимаратта өткізуді сұраған болатын. Қалалық сот залына шамамен 30-дай ғана адам сияды. Бірақ аталмыш іс бойынша тек жәбірленушілердің саны 53. Сонымен қатар, сот 20-ға жуық куәлерден жауап алуды жоспарлап отыр. Процесске, сондай-ақ, адвокаттар, прокурорлар, қайтыс болғандардың әріптестері, қоғамдық қорғаушылар мен журналисттер де қатысады. 
 
Аталмыш іс бойынша келесі сот отырысы 30-қаңтарға жоспарланып отыр. 
 
2006 жылдың 20-қыркүйегінде "Миттал Стил Теміртау" АҚ тиесілі Ленин атындағы шахтада болған жарылыс 41 адамның өмірін қиып, 12 адам жарақат алған болатын. Материалдық шығын 44 млн 664 мың теңгені құраған. Шахтада жұмыс істеп жатқан үкіметтік комиссия жарылыс себебін еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік талаптарын дөрекі бұзу деп отыр. Кеншілердің қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс 29 томды құрады. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны