01.07.2016, 12:01 4319

Шалғай елді-мекендердіӊ тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық көмекті тегін алады

Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында ел аймақтарында "Денсаулық жолы - 2015" республикалық акциясы өтеді. Шара барысында шалғайдағы елді-мекендерге құрамында терапевтер, кардиологтар, эндокринологтар, онкологтар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметініӊ мамандары бар медициналық жұмылдыру топтарын жіберу ұйымдастырылады. Ауыл тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулардыӊ алдын алу туралы кеӊес алып, тегін тексеруден өте алады

Астана. 1 шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында ел аймақтарында "Денсаулық жолы - 2015" республикалық акциясы өтеді. Шара барысында шалғайдағы елді-мекендерге құрамында терапевтер, кардиологтар, эндокринологтар, онкологтар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметініӊ мамандары бар медициналық жұмылдыру топтарын жіберу ұйымдастырылады. Ауыл тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулардыӊ алдын алу туралы кеӊес алып, тегін тексеруден өте алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған акцияныӊ мақсаты - қоғам мен мемлекеттік органдардыӊ назарын ауыл тұрғындарыныӊ денсаулығын қорғау мен сақтау сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар аурулардыӊ алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне аудару, әртүрлі аурулардыӊ профилактикасы бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық-ағартушылық және консультативті-диагностикалық көмек көрсету, қауіпті мінез-құлық факторларыныӊ таралуын төмендету болып табылады.

Жұқпалы емес аурулардан (жүрек-қантамырлары, онкологиялық аурулар, тыныс алу мүшелерініӊ созылмалы патологиясы, қант диабеті және т.б.) темекі шегу, тамақтанудыӊ дұрыс емес тәртібі, физикалық жүктеменіӊ жеткілікті деӊгейде болмауы (гиподинамия), ішімдік ішу сияқты жалпы факторлар, сонымен қатар, ерте диагностикалау мен емдеу шаралары арқылы айтарлықтай дәрежеде арылуға болады.

Естеріӊізге сала кетейік, "Денсаулық жолы" кеӊ көлемді акциясы жыл сайын шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіліп тұрады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны