13.07.2009, 10:14 1387

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Үрімжіде 5 шілдеде болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Үрімжіде 5 шілдеде болған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

Алматы. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағының әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласында 5 шілдеде болған оқиғаға байланысты Пекинде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Болат Нұрғалиев қаза тапқандардың туыс-туғандарына көңіл айтты.

"Шанхай ынтымақтастығы ұйымы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық аймағы - Қытай Халық Республикасының ажырамас бөлігі деп санайды және онда болған оқиға - Қытайдың ішкі ісі", - делінген мәлімдемеде. Құжатта атап көрсетілгеніндей, ұйым Қытай үкіметінің заңға сәйкес қабылдаған шаралары аудандағы жағдайдың тұрақтануына, сондай-ақ, өндіріс пен тіршіліктің қалыпты ырғағының қайта жандануына алып келеді деп сенеді.

Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесіне орай лаңкестік, сепаратизм, экстремизм және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрестегі ынтымақтастықты қарқындандыра түседі.

"Синьхуа" ақпаратына сәйкес, 12 шілдедегі жағдаймен Үрімжіде болған жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккендер саны 1680 адамға жетті, соның ішінде 939 адам ауруханада емделуде. 939 адамнан 216 адамның жағдайы ауыр, ал 74 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны