27.07.2006, 15:57 2900

"Шаңырақ" ықшам ауданындағы бассыздықта күйік алған полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

АЛМАТЫ. 27 шілде. Kazakhstan Today. Шаңырақ ықшам ауданыдағы бассыздықта күйік алған Бостандық аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі Исет Баимбетов ауруханада көз жұмды. Бұл ақпаратты Алматы ІІД растады.

Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, И. Баимбетов 16 сағат 10 минутта қайтыс болған.

Осыған дейін хабарланғандай, 14 шілде күні "Шаңырақ" ықшам ауданында баспаналарының қиратылуына наразылық танытқан жергілікті тұрғындар құқықорғаушыларға қарсылық көрсеткен болатын. Бассыздық кезінде полиция қызметкері И. Баимбетовке жанармай құйылып, өрт қойылған. Оның денесінің 70% күйік шалды. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері бассыздыққа қатысы бар деген төрт адамды ұстады, олардың арасында құқықорғаушының өміріне қастандық жасады деген күдікті бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны