16.01.2008, 16:59 2987

"Шаңырақ" РҚБ өкілдері Қазақстанның президентіне Алматыдағы жер телімдерін тәрікелуге қатысты үндеу жолдады

"Шаңырақ" РҚБ өкілдері Қазақстанның президентіне Алматыдағы жер телімдерін тәрікелуге қатысты үндеу жолдады

Алматы. 16-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Шаңырақ" республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыдағы жер телімдерін тәркілеу барысындағы заңдылықтың сақталуын тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құруды өтініп, үндеу жолдады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Шаңырақ" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ризада Жақыпбек мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сондай-ақ, қоғамдық бірлестік өкілдері өздірінің Қазақстан Республикасының президентіне жолдаған үндеуінде "Қауіпсіздік кеңестің кезекті отырысында Алматы қаласы әкімшілігіндегі лауазымды тұлғалардың Қазақстан республикасының қолданыстағы заңын қасақана елемеуі туралы мәселені қарастыруды өтінген".

"Біз сондай-ақ үкіметтің Алматы қаласы әкімшілігінің лауазымды тұлғаларын Конституцияға сәйкес құқықтық актілер әкелуге міндеттеуін сұраймыз",- деп хабарлады Р. Жақыпбек.

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, "Шаңырақ" республикалық қоғамдық бірлестік өкілдері сондай-ақ прокурорға шағымданбақ. Атап айтқанда, әкімшіліктің қабылдап отырған іс-шараларының заңды екендігін тексеріп, заң бұзушылықтарды жою туралы қаулы шығаруды өтінеді. "Шаңырақ" республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің пайымдауынша, әкімшіліктің қаулылары Қазақстан Ресупубликасының Жер кодексіне қайшы.

Сонымен қатар, үйлері бұзылатын аудан азаматтарының бастама көтеруші тобының өкілдері жер телімдерін мәжбүрлей тәркілеу барысындағы дау-жанжал оқиғаларын реттеу жөніндегі қоғамдық комиссия құруды ұсынады. Олардың пайымдауынша, бұл шара өте қажет, себебі қазіргі жер комиссиясы бұл мәселелерді шешпейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны