18.07.2006, 16:34 2801

Шаңырақта болған топалаңда ерекше мақсаттағы полиция бөлімінің 4 қызметкері жоғалып кетті

АЛМАТЫ. 18 шілде. Kazakhstan Today. Алматыдағы «Шаңырақ» ықшам ауданыда болған бассыздық кезінде ерекше мақсаттағы полиция бөлімінің 4 қызметкері жоғалып кетті, деп хабарлайды ІІД ақпарат көзі.

Ақпаратқа сәйкес, бүгінгі күнге дейін арнайы бөлім қызметкерлерінің қайда екендігі белгісіз. Баспаналарын қиратуға жол бермей, полиция қызметкерлеріне қарсы шыққан «Шанырақ» тұрғындары мен арадағы қақтығыстан кейін екі полиция қызметкері жұмыстан босату туралы арыз берген. Иуезов және Түрксіб аудандарының ішкі істер қызметкерлернің басым бөлігі, егер оларды тағыда «Шаңырақ» ықшам ауданына жіберетін болса, қызметтен кететіндерін мәлімдеген, деп хабарлайды ақпарат көзі.

Сонымен қатар «Шаңырақ» ықшам ауданының тұрғындары өткізген баспасөз маслихатында осы оқиғадан кейін Иуезов ауданының әкімі Владимир Устюгов қызметінен босатылғаны белгілі болды. «Иуезов ауданының әкімі қызметінен босатылып, басқа әкім тағайындалды деді», - «Баспанамызды қорғайық» Қоғамдық Комитетінің төрайымы Маржан Аспандиярова. Иуезов ауданының әкімі болып Иділ Несіпбаев тағайындалды.

Осыған дейін хабарланғандай, жұма күні, 14 шілдеде, баспаналарын қирату туралы сот шешімімен келіспеген «Шаңырақ» ықшам ауданының тұрғындары полиция қызметкрелеріне қарсылық көрсеткен. Тұрғындар полицейлерді таспен, жарылғыш зат толтырылған шөлмектермен атқылап, үш полиция қызметкерін кепілдікке алған. Тұрғындар тағы бір құқықорғау қызметкерін жанармай құйып өртеп жіберді. Оның денесінің 70% күйік шалған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны