13.06.2008, 10:28 1171

Шаңырақтағы тәртіпсіздіктер ісі жөніндегі сотталғандардың қорғаушыларының куәгер Ибрагимовты қайта сұраққа алу жөніндегі өтінішін Жоғарғы сот алқасы кері қайтарды

Шаңырақтағы тәртіпсіздіктер ісі жөніндегі сотталғандардың қорғаушыларының куәгер Ибрагимовты қайта сұраққа алу жөніндегі өтінішін Жоғарғы сот алқасы кері қайтарды

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шаңырақтағы тәртіпсіздіктер ісі жөніндегі сотталғандардың қорғаушыларының куәгер Ибрагимовты қайта сұраққа алу жөніндегі өтінішін Жоғарғы сот алқасы кері қайтарды. Бұл туралы брифингте Жоғарғы соттың ресми өкілі Константин Харламов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, бұл ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 410-бабының 2-тармағына сәйкес аппеляциялық инстанция соты куәгерді тек сот отырысының хаттамасында осы куәгердің бұрын берген жауаптары түсініксіз жазылса және әртүрлі мағынада айтылатын болса ғана қайта сұрауға құқылы болуымен байланысты.

"Шаңырақ" ықшамауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер жөніндегі іс бойынша мұндай қажеттілік туындамады", - деп сендіруге тырысты Жоғарғы сот өкілі. "Алматы қалалық сотының отырысында оған қандай да бір қысым көрсетусіз жасалған аталмыш куәгердің жауаптары сот отырысының хаттамасында түсінікті, егжей-тегжейлі, қос мағынасыз жазылған. Олар оның алдындағы жауаптарына және аса ауыр қылмыстың куәгерлері ісі бойынша басқа да көптеген сұралғандардың жауаптарына сәйкес келеді", - деп түсіндірді ол өз ұстанымын.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, егер куәгер Ибрагимов алдын ала тергеу және негізгі сот отырыстары кезіндегі өзінің берген жауаптарын толығымен өзгерткісі келсе және іс бойынша жаңа жағдайлар жөнінде мәлімдегісі келсе, оның сұраққа алынуы жөнінде өтініш беріп отырған жақ осындай өтінішпен жаңадан ашылған жағдайлар бойынша іс қозғау үшін прокуратура органдарына шағымдануға құқылы. "Заңға сәйкес, жаңадан ашылған жағдайларға сәйкес іс қозғау құқығы прокурорға тиесілі", - деп толықтырды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны