11.06.2008, 19:07 2799

Шантаж жасайтын жаңа вирус тұтынушының файлдарын бұғаулап, оны ашатын кілтті алуға ақша сұрайтын болды

Шантаж жасайтын жаңа вирус тұтынушының файлдарын бұғаулап, оны ашатын кілтті алуға ақша сұрайтын болды

Алматы. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шантаж жасайтын жаңа вирус тұтынушының файлдарын бұғаулап, оны ашатын кілтті алуға ақша сұрайтын болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Касперский зертханасына" сілтеме жасап.

Зертханадағылардың хабарлауынша, Virus.Win32.Gpcode.ak - шантаж жасайтын жаңа Gpcode атты вирустың соңғы үлгісі. "Gpcode вирусының бірнеше түрлері тұтынушылардың сан алуан файлдарын (.doc, .txt, .pdf, .xls, .jpg, .png, .cpp, .h және басқа ) бұғаулауда. Бұдан кейін зарарлы компьютердің тұтынушысы өз файлдарының шифрланғаны туралы автоматты хабарлама алып, шифрды оқитын кілт-бағдарламаны алуға өтемақы сұралатын болды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны