20.06.2007, 15:14 2725

Шар - Өскемен теміржол желісі 2008 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда - Көлік және коммуникация министрлігі

АСТАНА. 20 - маусым. Kazakhstan Today. Шар - Өскемен теміржол желісі 2008 жылдың басында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапары барысында концессионер-компания - "Досжан темір жолы" ЖШС басшысымен кездескен. "Екі жақтың пайымдауынша, жұмыс екпіні құрылыс мерзімінің айтарлықтай қысқаратындығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, 2007 жылдың желтоқсанына дейін тек құрылыс-монтаж жұмыстарын ғана емес, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын да аяқтау жоспарлануда. Яғни, жол 2008 жылдың басында пайдалануға берілуге тиіс", - деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны